2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Жетісу облысында жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза тапты

Жол-көлік оқиғасы 24 қаңтар күні сағат 15:30 шамасында Ақсу ауданында, «Көшкентал — Қапал» автожолының 4-шақырымында болған.

видео-скрин

Алматы, NEGE. Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Avalon мен Toyota Camry автокөліктері соқтығысқан.

Апат салдарынан бес адам оқиға орнында қаза тапты. Әртүрлі деңгейде жарақат алған екі жолаушы медициналық көмек алу үшін ауруханаға жеткізілді.

Оқиға орнына жедел тергеу тобы барып, алғашқы тергеу шараларын жүргізді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, апаттың нақты себептері мен мән-жайлары анықталуда. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.