Жетісу облысында үш көлік соқтығысып, 10 адам қаза тапты

14 қыркүйек күні шамамен сағат 01:30-да «Алматы – Өскемен» автожолының 479-шақырымында, Алакөл ауданына қарасты Колбай ауылы маңында үш автокөлік қатысқан жол-көлік оқиғасы орын алды. Бұл туралы Жетісу облыстық полиция департаменті мәлімдеді.

egemen.kz

Алматы, NEGE. Ақпаратқа сәйкес, Nissan Cefiro көлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, ВАЗ-2114және Chevrolet Cobalt көліктерімен жанама соқтығысқан.

Апат салдарынан оқиға орнында 10 адам қаза тапты. Тағы бір жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Еске салсақ, 11 қыркүйек күні Маңғыстау облысында жол апаты орын алып, 10 адам қаза тапқан болатын.

Қазір оқып жатыр

Иран тағы бір елге Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді

Атырау облысында бір топ жігіт полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған

Түркістанда бірнеше күн бұрын суға батып кеткен 2 жасар қыздың денесі табылды

«Өрттен 18 адам қаза тапты»: Абай облысында жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапқа тартылды