Жетісу облысында «Талдықорған-Үшарал» магистралды газ құбырының құрылысы аяқталды
Жетісу облысында «Талдықорған – Үшарал» магистралды газ құбырының құрылысы жоспарланған мерзімінен бұрын аяқталды. Бүгін Республика күні қарсаңында «Үшарал» автоматты газ тарату станциясында салтанатты іс-шара өтіп, онда жоба аясындағы алты автоматты газ тарату станциясында (АГТС) бір мезгілде көгілдір отын алауы жағылды. Бұл инвестициялық жобаны Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «QazaqGaz» Ұлттық компаниясы іске асырды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.