Жетісу облысында сұңқарды қолда заңсыз ұстаған тұрғын анықталды

Жетісу облысында полицейлер сұңқарды заңсыз ұстаған азаматты анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Жетісу облысында криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында сәтті операция жүргізді. Нәтижесінде Кербұлақ ауданының тұрғыны ұсталды. Ол өз үйінде екі сұңқар мен қолдан жасалған ау ұстағыш торды заңсыз сақтап келген.

Аталған жағдай бойынша еліміздің Қылмыстық кодексіне сәйкес, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарларды заңсыз ұстау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тәркіленген құстар арнайы мамандардың қарауына беріліп, қазіргі уақытта олардың жағдайы бақылауда.

Қазір оқып жатыр

Егеуқұйрық уы анықталды делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?

Ресей Қазақстанның Германияға тасымалданатын мұнай экспортын тоқтатуы мүмкін

«Шетелдіктер қарумен ұсталды»: полиция депутаттың мәлімдемесін теріске шығарды