Жетісу облысында құтқарушылар өртенген үйден қарт адамды аман алып шықты

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Талдықорған қаласының Өтенай ауылында жер үй мен оның шаруашылық құрылысы өртенген.

ТЖМ

Алматы, NEGE. Құтқарушылар 90 шаршы метр алаңдағы өртті жедел сөндіріп, 1961 жылы туған үй иесін құтқарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырған. Сондай-ақ 20 литрлік үш газ баллонын қауіпсіз жерге шығарды.

«Құтқарушылар осылайша, өрттің таралуы мен газ баллондарының жарылуының алдын алды», – діленген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Иран тағы бір елге Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді

Атырау облысында бір топ жігіт полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған

Түркістанда бірнеше күн бұрын суға батып кеткен 2 жасар қыздың денесі табылды

«Өрттен 18 адам қаза тапты»: Абай облысында жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапқа тартылды