Жетісу облысында кәсіпкерден 10 млн теңге бопасалаған блогер ұсталды

Жетісу облысының Үштөбе қаласында полиция қызметкерлері жергілікті блогерді ұстады.

Полиция

Алматы, NEGE. Ол қала тұрғындарына арналған үйлерді салумен айналысатын кәсіпкерден бұрын түсірілген сапасыз құрылыс туралы бейнероликті, әлеуметтік желідегі өз парақшасынан өшіру үшін және бұдан былай бейнематериалдарды жарияламауға әрі таратпауға уәде бере отырып, 10 млн теңге бопсалады деген күдікке ілінді.

Нәтижесінде, Жетісу облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыстық прокуратураның үйлестіруімен, күдіктіні талап етілген ақшалай қаражаттың бір бөлігі, яғни – 7 млн теңгені алу кезінде қылмыс үстінде ұстады. 

Аталған факт бойынша бопсалау бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп, күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі қаралуда.

Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайды. 

Қазір оқып жатыр

Саясаттанушы: Бір мандаттылар Парламентті түбегейлі өзгертіп жіберді деу қиын

Еуропалық Одақ қытайлық Temu, Shein және басқа маркетплейстеріне айыппұл салуы мүмкін

Қарағанды облысында екі мотоцикл бір-біріне соғылып, жүргізушілері қаза тапты

«Әділет» партиясының құрылтай съезі мамырда өтеді