Жетісу облысында қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу зауыты салынады
Жетісу облысында алдағы екі жылда өнеркәсіп саласында 30 жобасын іске асыру жоспарланған. Солардың қатарында Жетісу облысында қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу зауыты салынады. Бұл «Жасыл Жетісу» ЖШС жеке инвесторымен бірлескен жоба болмақ. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында мәлімдеді, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.