Жетісу облысында ежелгі қала табылды

Жетісу облысында "Петроглиф аңшылары" қоғамдық қорының командасы ортағасырлық қаланы тапты.

© Photo : Ольга Гумирова

Алматы, NEGE. "2025 жылдың 6 маусымы. Күн текке кеткен жоқ... Барлығы іздеп жүрген ортағасырлық қаланы тапқан сияқтымыз! Бұл туралы жазба деректерде бар. Археологтарға хабарланды", - деп жазды қор қызметкері Ольга Гумирова желідегі парақшасында.

Алдымен қор қызметкерлері карьердегі кірпіш қалдықтарын, мұнараны, содан кейін ортағасырлық кірпіштен қаланған қабырғаны көрген.

"Қала моңғол шапқыншылығы кезінде өртелген. Жалпы ескі қаланың орны Талхиз немесе Қойлық қаласымен тең... Бұл қандай құрылыс екені талқыланып жатыр. Оны анықтаймыз", - деп атап өтті Ольга Гумирова.

Қазір оқып жатыр

Иран тағы бір елге Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді

Атырау облысында бір топ жігіт полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған

Түркістанда бірнеше күн бұрын суға батып кеткен 2 жасар қыздың денесі табылды

«Өрттен 18 адам қаза тапты»: Абай облысында жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапқа тартылды