Жетісу облысында ер адам жүкті әйелін атпен сүйреп өлтірген

Қайғылы оқиға 22 маусымда Жетісу облысындағы Баласаз ауылы маңында болған.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Марқұмның туыстарының айтуынша, 32 жастағы келіншекті мас күйеуі балаларының көзінше қатігездікпен азаптап өлтірген.

Денесінің сау тамтығы қалмаған әйел ауруханаға жетпей жан тапсырған көрінеді.

Медициналық сараптама оның ауыр азаппен бақилық болғанын дәлелдеп отыр. Бұрын ауыл әкімі болуға кандитат атанған марқұмның күйеуі бұған дейін мал шаруашылығымен айналысқан.

Қазір ол қасақана кісі өлтірді деген айыппен қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

«Аталған іс ерекше бақылауда. Қылмыстық іс бойыша шындықты толық әрі жан-жақты анықтау мақсатында барлық шара қабылданды. Сот сараптамасы тағайындалды», – деді Жетісу облысы полиция департаменті баспасөз хатшысы Бексұлтан Әнетұлы.

Қазір оқып жатыр

Иран тағы бір елге Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді

Атырау облысында бір топ жігіт полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған

Түркістанда бірнеше күн бұрын суға батып кеткен 2 жасар қыздың денесі табылды

«Өрттен 18 адам қаза тапты»: Абай облысында жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапқа тартылды