Жетісуда әскери бөлімге тиесілі жер 75 млн теңгеге заңсыз сатылған

Жетісу облысында прокурорлар әскери бөлімнің жері заңсыз сатылғанын анықтады.

Gov.kz

Астана, NEGE. Прокуратура мәліметінше, әскери бөлімнің теміржолға баратын тармағының бір бөлігі заңсыз берілген.

Сарыөзек гарнизонының әскери прокуратурасы жүргізген талдау нәтижесінде жер комиссиясының шешімі мен жер қатынастары жөніндегі жергілікті орган жасаған сатып алу-сату шарты негізінде әскери бөлімдердің бірінің теміржолға баратын тармағының бір бөлігін коммерциялық құрылымның меншігіне заңсыз беру фактісі анықталды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Әскери бөлім Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына аталған шешім мен шартты заңсыз деп тану туралы талап арызбен жүгінген. 

Сот оны қанағаттандырып, құны 75 млн теңгеден асатын кірме жол қорғаныс ведомствосының меншігіне қайтарылды.

Қазір оқып жатыр

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты