Жетісу облысында арқанмен өзеннен өтпек болған ер адам суға құлап, іс-түссіз жоғалып кетті (видео)

10 мамыр күні Жетісу облысы Кербұлақ ауданында 36 жастағы ер адам Көксу өзенінен арқанмен өтпек болғанда суға құлап, ағыс алып кеткен. 

taldykorganec_kolesa

Алматы, NEGE. Аталмыш оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, ер адам үш күннен бері іздестіріліп жатыр.

11 мамырда таңғы 06:30-дан бастап 98 адам мен 22 техника, оның ішінде қайықтар мен дрондар қатысқан ауқымды іздеу жұмыстары басталды.

Жұмыстар өзеннің қос жағалауында 35 шақырым аумақта жүргізіліп жатыр.