«Жетісу облысында әкімнің орынбасары ұсталды»

Бүгін телеграм-каналдардың бірінде Жетісу облысы, Сарқан ауданы әкімінің орынбасары ұсталғаны туралы хабар тарады.

ғаламтордан

«Бірқатар дереккөздің хабарлауынша, Антикор Жетісу облысы, Сарқан ауданы әкімінің орынбасары Жомарт Мыңбаевты жол жөндеумен айналысатын мердігерден пара алды деген күдікпен аяқ астынан ұстап, зынданға қамады», – деп жазды EGOV.PRESS телеграм-каналы.

Мәселенің анық-қанығын білмекке, Жетісу облысы әкімінің орынбасары Диас Есдәулетовке хабарластық. «Біліп беруге» уәде еткен Д.Есдәулетов сүт пісірім уақыттан соң: «Жұмыс орнында. Түстен кейін ресми комментарий береміз», – деп жауап берді.  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінен түсініктеме алмақ болған әрекетіміз өнбеді. Енді Жетісу облысы әкімдігінің ресми комментарийін күтеміз.

Қазір оқып жатыр

Иран тағы бір елге Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді

Атырау облысында бір топ жігіт полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған

Түркістанда бірнеше күн бұрын суға батып кеткен 2 жасар қыздың денесі табылды

«Өрттен 18 адам қаза тапты»: Абай облысында жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапқа тартылды