11 марта 2024 г. 18:30

Жетісу облысында ақбөкен мүйізінің ірі партиясы тәркіленді

Фото: Полиция

Облыстық полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Жетісу облысы бойынша департаменті өкілдерімен бірлесіп Жаркент қаласы көшелерінің бірінде Mitsubishi Galant көлігін тоқтатқан.

Алматы, NEGE. – Автокөліктің салоны мен жүксалғышында ақбөкен мүйізі бар 6 қорап пен сөмкелер табылды. Олардың жалпы саны 1382 бірлікті құрады. Сирек кездесетін жануарлардың дериваттарымен заңсыз айналысу фактісі бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен қылмыстық іс қозғалды, – деп атап өтті ПД бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов.

Үш күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу әрекеттері жүргізілуде.