Жетісу облысында бес көлік қар құрсауында қалып қойды

Жетісу облысының Алакөл ауданында құтқарушылар 11 адамды қар құсауынан алып шықты, деп хабарлады ТЖМ.

Видеодан алынған скрин

Алматы, NEGE. Құтқарушылар 11 адамға көмек көрсетті. Оның 3-еуі бала.

ТЖМ- нің мәліметінше, бүгін Алакөл ауданында «Үшарал-Достық» тас жолында жолаушылары бар бес жеңіл көлік қар құрсауында қалған.

Құтқарушылар қиын жағдайға тап болған жолаушыларға көмек көрсетіп, оларды "Трэкол" жол талғамайтын арнайы көлігімен Достық станциясына жеткізген. Ақ бораннан аман шыққан 11 адамның ішінде 3 бала бар. Олар медициналық көмекке мұқтаж болмады.

ТЖМ жолаушыларға сапарға шықпас бұрын автомобильдің техникалық жағдайын және ауа-райын мұқият қадағалауды ескертті.

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді