Жетісу облысында 100 миллион теңгеге бағаланған жер телімдері мемлекетке қайтарылды

Жетісу облысының прокуратурасы Алакөл ауданында құны 100 миллион теңге болатын жер мемлекет меншігіне қайтарылғанын мәлімдеді. 

ашық дереккөзден

Алматы, NEGE. Ведомствоның мәліметінше, жергілікті әкімдік уақытша пайдалануға берілген мерзімі өтіп кеткен жер телімдерін қайтару бойынша ұзақ уақыт бойы ешқандай шара қолданбаған.

"Прокурорлар тексеріс барысында жалпы ауданы 1 655 гектар болатын осындай 14 жер телімін қайтару қажет екенін анықтады. Қадағалау актісі негізінде жалпы кадастрлық құны 100 миллион теңге болатын барлық жер телімдері мемлекеттік жер қорына қайтарылды", – делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Иран тағы бір елге Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді

Атырау облысында бір топ жігіт полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған

Түркістанда бірнеше күн бұрын суға батып кеткен 2 жасар қыздың денесі табылды

«Өрттен 18 адам қаза тапты»: Абай облысында жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапқа тартылды