Жетісу облысы Кербұлақ ауданының әкімі тұрғынға жоқ үйдің кілтін табыстаған (видео)
Кербұлақ ауданының әкімі Қанат Есболатов балабақша тәрбиешісі Галина Деминаға жоқ үйдің кілтін салтанатты түрде табыс еткен.
Алматы, NEGE. Тозығы жеткен үйде тұратын Галина Демина жаңа баспананы армандаған. Республика күні аудан әкімі оған құны 8,7 миллион теңге тұратын үйдің кілтін табыстағанда, әйелдің қуанышында шек болмаған. Алайда, бұл қуаныш көпке созылмаған. Анықталғандай кілт тек кәдесый ретінде беріліпті. Мерекелік іс-шарадан кейін әкімдік үйдің жоқ екенін айтқан.