Жетісайда садақа жәшігін ұрлаған ер адам ұсталды

Жетісай полицейлері садақа жәшігінен ақша ұрлаған күдіктілерді "ізін суытпай" ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Жетісай полицейлері садақа жәшігінен ақша ұрлаған күдіктілерді "ізін суытпай" ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Жетісай аудандық полиция бөліміне садақа жәшігіндегі ақшаның қолды болғаны туралы мешіт қызметкері шағым түсірген. Оның айтуынша, түнгі уақытта белгісіз біреу қайыр садақа салынған мешіт алдындағы темір жәшікті бұзып, ішіндегі ақшаны жымқырып кеткен. Ақпарат алысымен оқиға орнына жылдам жеткен тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларын жүргізді.

Нәтижесінде күдікке ілінген 18 жастағы жұмыссыз екі жігіт анықталды. Тергеу барысында анықталғандай, күдікті жігіттер өзара сөз байласып, 02:30 шамасында екі бірдей мешітке ұрлыққа түскен.

Содан садақа жәшігін темір құралмен бұзып ашып, ішіндегі ақшаларды жымқырған. Қолды еткен ақшаны екеуара бөліп алған.

Қазіргі таңда күдіктілер жігіттерге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты