«Жетісу» радиосы іске қосылды
Қазақстанның әуе толқыны жаңа радиомен толықты. «Жетісу» радиосы бүгіннен бастап өз жұмысын бастады.
Алматы, NEGE. Жиіліктері:
Талдықорған қаласында - 107.2
Жаркентте - 106.5
Текеліде - 104.8
Үшаралда - 104.3
Лепсіде - 103.8
Балқаш ауданы, Балатопарда - 102.1
Құйғанда - 101.7
Райымбек ауданы Қызылұш, Жалаңаш ауылдарында 100 жиілігінен тыңдай аласыз.
Алдағы уақытта «Жетісу» радио толқыны Алматы облысының барлық аумағында таралады. Қазір бұл бағытта техникалық жұмыстар жүргізіліп жатыр.