Жетісу облысының әкімі аймақтың даму жоспарымен таныстырды
Бейбіт Исабаев Жетісу облысының әкімі. Оған өңірдегі 141 мәслихат депутатының 106-сы сенім білдірді. Ал келесі кандидат Бағдат Қарасаевты халық қалаулыларының 35-і қолдаған.
Алматы, NEGE. Ал келесі кандидат Бағдат Қарасаевты халық қалаулыларының 35-і қолдаған. Ашық дауыс беру кезінде көпшіліктің қолдауына ие болған Бейбіт Өксікбайұлы бірден аймақты дамыту жоспарын таныстырды. Жетісу - аграрлы аймақ. Сондықтан Бейбіт Исабаев осы саланы өркендетуге күш салатынын жеткізді. Бос жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтарып, өңірге қаржы тарту ісіне де басымдық беретінін атап өтті.
- Облыстың агро өнеркәсіптік кешеніне инвестор тарту,жаңа технология енгізу үшін барынша жағдай жасау керек. Талдықорған индустриялық аймағын толық қуатын пайдалана отырып, облыс тұрғындарын жан-жақты дамытуға жұмылдыру ең бастысы халықты жұмыспен қамтамассыз ету. Сол арқылы халықты жұмыспен қамтамассыз етіп қана қоймай еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне үлес қоса алар едік. Бұрынғы Алматы облысы екіге бөлінгеннен кейін өндірістік нысандардың басым көпшілігі оңтүстік аймақта қалды. Сол себепті Жетісу өңірінде де өндіріс орындарын ашу, туризмді ілгерлетіп, «Қорғас» шекаралық аймағын дамыту қажеттігі туындап отыр, - деді жаңа әкім.