22 августа 2023 г. 11:47

Жетісу облысындағы жаңа мектепті су басып жатыр

Фото:
Жетісу облысының Көксу ауданы, Бесқайнар ауылында салынып жатқан жаңа мектепті су басып қалған. Бұл туралы

Orda тілшісі Сандуғаш Дүйсенова хабарлады.

Бқған дейін оқушылар 1972 жылы салынған, қабырғалары айырылып кеткен ескі мектепте оқыған. Ал жаңа мектеп оқушылардың бар мәселесін бірден шешіп беруі тиіс еді.

120 орындық жаңа мектеп 2021 жылдан салына бастапты. Құрылысқа облыс бюджетінен 1 млрд 146 млн теңге бөлінген. Жұмыс бірнеше рет тоқтап та қалған. Соның салдарынан нысанды толық бітіру мерзімі кешігігуде.

Нысанды өз көзімен көріп қайтқан журналистің жазуынша, кемшіліктер көзге қрып тұр.

«Футбол алаңы стандартқа сай емес. Алаң ойқы-шойқы. Мұнда ойнаған бала жарақаттанып қалуы мүмкін. Мектеп айналасындағы ағаштар қурап қалған.

Ішке кіргенде көргеніміз, спорт залдың төрінде сахна тұр. Сонда қалай, балалар баскетбол ойнап жүріп концерт көре ме? Бұл сұрағымызға күзетші: «Бәрі жоба бойынша жасалып жатыр», – деп жауап берді.

Біртүрлі акт залын көрген соң жертөлеге түстік. Канализация желісі, электр желілері салбырап тұр екен. Бірақ бұл ең қорқыныштысы емес боп шықты.

Жертөле суға толып қапты. Құрылыс материалдары мен мектепке қажет құрылғылар суда тұр. Бірден көзге түскені, нысанның іргетасы мен қабырғалары сыз тартып алған.

Әрине, біз сарапшы емеспіз, бірақ Жетісу облысының прокуратурасы бұл мәселеге назар аударуы керек», – деп жазды Orda тілшісі.       

Тегтер: