Жетісу облысындағы төтенше жағдайға байланысты 50 адам эвакуацияланды

ТЖД мен ЖАО күшімен Қарабұлақ ауылында (2 км) 30 тұрғынды эвакуациялау жүргізілді. Үйлер мен су басқан аумақтардың саны анықталуда, деп хабарлады ТЖМ.

Алматы, NEGE. «Құтқарушылар қолдан келгенше көмек көрсетіп, азаматтарды су басқан аулалардан шығаруда.

Ескелді ауданының Абай ауылында 20-ға жуық аула аумағы су астында қалды. ЖАО күшімен жаңбыр суын бұру жұмыстары жүргізілуде», - деп жазды ведомстводан.

Көксу ауданы Мәмбет ауылында 5 аула аумағы су астында қалды. Жаңбыр суын бұру жұмыстары жүргізілуде.

Бұл елді мекендер тау бөктеріне жақын орналасқан.