Жетісу облысындағы таулы аймақта өрт сөндіріліп жатыр
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Достық станциясы маңында құрғақ шөп пен бұталар өртенді.
Алматы, NEGE. Өрт туралы ақпарат кезекшіге бүгін, 8 қыркүйекте таңғы сағат 4.30-да түскен. Бастапқыда өрт аумағы 60 гектар болған. Қазіргі уақытта өрттің қылқан жапырақты орманға таралу қаупі бар.
"Сағат 9.49-да Талдықорған қаласынан Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы - 45 қызметкер мен 5 техника жөнелтілді. Өрт орнына дейінгі қашықтық 490 шақырым. Сағат 14.04-те Талдықорған әуежайынан МИ-8 "Қазавиаспа" тікұшағы Алакөл ауданына шықты. Сағат 15:00-дегі жағдай бойынша өрт аумағы 100 гектар болды", - деді Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.
Өртті сөндіруге барлығы 125 адам, алты техника, 20 бүріккіш және бес ат жұмылдырылған.