22 мая 2023 г. 16:18

Жетісу облысында жаңа Tesla көліктерін тасымалдаған көлік аударылды (видео)

Фото:

Оқиға Қонаев пен Талдықорған арасындағы Арқарлы асуында болған.

Алматы, NEGE. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. 

"21 мамырда Алматы-Өскемен тасжолының 143-ші шақырымында, атап айтқанда Арқарлы асуында Scania көлігінің қатысуымен жол апаты болды. 39 жастағы ауыр жүк көлігінің жүргізушісі жеті Tesla көлігін тасымалдап келе жатқан.

Жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ. Көліктердің қозғалысы жұмыс режимінде жалғасып жатыр, жол жабылған жоқ", - деп хабарлады Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тегтер: