Жетісу облысында тұрғындарды бопсалаумен айналысқан күдіктілер қолға түсті

Жетісу облысында бопсалаумен айналысқан күдіктілер қолға түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында облыстық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері арнайы жасақтардың көмегімен бопсалауға күдікті екі жергілікті тұрғынды ұстады. Жәбірленушінің айтуынша, ер адамдар одан 4 миллион теңге бопсалаған.

– Күдіктілер облыс орталығының 30 және 19 жастағы тұрғындары. Іс бойынша тергеу ҚР ҚК-нің 194-бабына (Қорқытып алу) сәйкес жүргізіледі. ҚР ҚПК-нің 201-бабына (Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу) сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, – деп атап өтті Жетісу облысы ПД ҰҚҚКБ.

Қазіргі уақытта істің мән-жайларын анықтау үшін барлық қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Астаналықтар аурухана жанындағы құрылысқа қарсы петиция жариялады

Тоқаев пен Ердоған Мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

Алматының Наурызбай ауданында ауаның ластануы мөлшерден бірнеше есе асып кеткен

Атырау облысының әкімдігі Индер көлін ерекше қорғалатын аумақтар тізімінен қалай шығартты