Жетісу облысында оқушы қыз жездесінен жүкті болып қалған
Кәмелетке толмаған қыз Талдықорған қаласындағы орта оқу орындарының бірінде оқиды.
Алматы, NEGE. Дәрігерлер оның жағдайын білгенде, қыз екі жақтың келісімі бойынша өзінің туған әпкесінің күйеуімен жыныстық қатынасқа түскенін мойындады.
Жасөспірім қыз оқитын мектеп қыздың 4 жасында анасынан айырылғанын айтты. Анасының қазасынан кейін кейін әкесі екінші рет үйленіп, қыздың өгей шешесінен әпкесі болған.
"Талдықорған қалалық полиция басқармасының қызметкерлері аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 122-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Іс материалдары бойынша күдікті — кәмелетке толмаған қыздың 21 жастағы туысы. Сараптама қорытындысын алғаннан кейін қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілетін болады. Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу немесе жыныстық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер – белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады", – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.