Жетісу облысында эвакуатор өртеніп кетті
Жетісіу облысында жеңіл автокөлік тиелген эвакуатор өртенді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы, NEGE. "Автокөлік 23 желтоқсанда Кербұлақ ауданындағы Арқарлы тау асуында (Алматы-Өскемен автожолының 144-шақырымында) өртенгенін хабарлаймыз. Hyundai Genesis gv80 автокөлігін тасымалдаған Mercedes Bens sprinter эвакуаторын өрт шарпыған", - деді Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі өкілдері.
Болжам бойынша, өртке көліктің техникалық ақауы себеп болған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.