Жетісу облысындағы елдімекенді су басты

Еріген қар суы Қызылжар ауылы тұрғындарын әбігерге салды. Егіс алқаптарынан келген судың нөпіріне арықтар тосқауыл бола алмаған, деп хабарлады Qazaqstan телеарнасы.

Алматы, NEGE. Төтенше жағдайдың алдын алуға 60-тан астам адам, 11 техника жұмылдырылды.

Қазір су деңгейі төмендеген. Еріген қар суы Байғазы өзеніне қарай қалыпты аға бастады. 

Алдағы күндері өңірде ауа температурасы 15 градустан жоғары болып, жаңбыр жауады деп күтілуде.