Жетісу облысында бұған дейін сотталған ер адам ауылдасын тонады деп күдікке ілінді

Бұл факт Панфилов ауданында тіркелді. 4 мамыр күні Сарыбел ауылының 47 жастағы тұрғыны полицияға арызданып, ауылдасының тонағанын хабарлады.

Алматы, NEGE. Белгілі болғандай, жәбірленушіден 3,5 млн.теңге ашық түрде алынған.

Күдікті ұсталып, аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Ол бұрын сотталған 30 жастағы ер адам болып шықты, оны уақытша ұстау изоляторына қамауға алды.

Дерек бойынша тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 191-бабына сәйкес (тонау) жүргізілуде.