Жетісу облысында автокөлік су деңгейін бақылайтын құрылымға соғылды
Дерек 29 қаңтарда кешке Панфилов ауданында Toyota Corolla автокөлігінің қатысуымен тіркелді, деп хабаралады Полиция.
Алматы, NEGE. Рөлде 65 жастағы зейнеткер болды. Ол Үшарал - Керімағаш автожолының 4-шақырымында көлікті басқара алмай, кілт бұрылыста трассадан ұшып кетті.
Салдарынна көлік су арнасының деңгейін бақылайтын гидротехникалық құрылысқа соғылысты. Оқиға орнында жеңіл автокөліктің 50 жастағы жолаушысы көз жұмды. Жүргізуші түрлі жарақаттарымен аудандық ауруханаға жеткізілді.
ЖКО фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.