12 июня 2023 г. 9:49

Жетісу облысын түтін басты: Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға үндеу жасады

Фото:

Жетісу облысының төтенше жағдайлар департаменті көршілес Абай облысындағы өрттен өңірді түтін басуына байланысты қауіпсіздік шаралары туралы хабарлама таратты.

Алматы, NEGE. Жетісу өңірінің бірнеше ауданын көршілес Абай облысындағы "Семей орманындағы" өртенген ағаштардың түтіні басты. Осы жағдайға байланысты құтқарушылар сақтық шаралары жөнінде ескертті.

"Құрметті Жетісу облысының тұрғындары мен қонақтары! Абай облысының аумағындағы ірі орман өртінің салдарынан жел бағытының өзгеруі нәтижесінде Жетісу облысының бірнеше аудандарының аумағын қалың түтін басты. Осыған байланысты сабырлы болуды және маска та,уды сұраймыз. Тыныс алу органдарының аурулары бар адамдарға және қарт адамдарға үйден шықпауға кеңес беріледі", – делінгег Жетісу облысы ТЖД хабарламасында.

Тегтер: