Жетісайда жүздеген жұмыс орны ашылды

Түркістан облысы Жетісай ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде 65 инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға 662 999 мың теңге қаралған. Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Алматы, NEGE. Осы арқылы 182 жаңа жұмыс орнын ашу көзделіп, халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 124 адам екі қолға бір күрек тапқан. Жұмысқа орналасқан азаматтардың ең төменгі жалақысы - 85 мың теңге. Бүгінде 65 жобаның құрылыс жұмыстары басталса, оның 25-сі аяқталып, жоспар 61,2 пайызға орындалып отыр. Пайдалануға берілген 25 жобаның 22-сі әлеуметтік, мәдениет және білім салаларына қатысты нысандарға жатады. Онда ғимараттардың ішкі санитарлық жүйелері жөнделіп, унитаздар ауыстырылған және 2431 шақырым жерге аяқжол төселген. Қалған 3 нысан инженерлік-көлік инфрақұрылымына жатады. Яғни, кентішілік және ауылішілік жолдар қайта жөндеуден өткізілді.

Қазір оқып жатыр

Ресей мен Әзірбайжан AZAL ұшағының апатына байланысты келісімге келді

Таразда оқушылар арасында жаппай төбелес болып, бір баланың көзіне зақым келді

Дубайдағы әйгілі қонақүй 1,5 жылға жабылады

Қазақстанда көлік жүргізушілері жаппай тексеріліп жатыр