Жетісай тұрғынының ауласынан 3 мың түп көкнар тәркіленді
Жетісай полицейлері тұрғынның ауласынан 3 мың түп көкнар тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы, NEGE. Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғындардың бірі құрамында есірткісі бар өсімдіктерді егіп өсіретіндігі туралы хабарлама келіп түсті. Ақпарат алған жетісайлық тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізді.
Күдікті ретінде жергілікті тұрғын анықталып, оның тұрғылықты жеріне тінту жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде күдікті ер адамның үйінің ауласынан 3 мың түп есірткіге ұқсас өсімдік табылып, тәркіленді. Тағайындалған сараптаманың қорытындысы бойынша алынған өсімдік көкнәр болып шықты.
Аталған фактіні полицейлер ҚР ҚК-нің 300-бабы 2-бөлігімен (Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру) бойынша тіркеуге алды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.