Жетінші Каспий саммиті Иранда өтпек

Жетінші Каспий саммиті келісілген мерзімде Иран Ислам Республикасында өтеді.

Алматы, NEGE. Түрікменстанда бүгін өткен алтыншы Каспий саммиті өтті, оның коммюникесі жарияланды.

Жиында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, Каспий маңы азық-түлік хабын құруды ұсынды.

Сондай-ақ экологиялық проблемаларды Жайық өзені мен итбалықтардың қырылуы мәселесін де сөз етті. Бұдан бөлек Мемлекет басшысы Транскаспий халықаралық көлік бағытының рөлі айтарлықтай артқанын айтты.