Жеті жасар қыз әлемнің ең жас опера әншісі атанды

АҚШ-тың жеті жасар тұрғыны Виктория Бринкер әлемдегі ең жас опера әншісі атанды.

Алматы, NEGE. UPI агенттігіненің мәліметінше, Бринкер 2019 жылы Питтсбург қоғамдық театрының «Жарықтар мен аңыздар» шоуында сегіз кәсіби көрініске қатысқаннан кейін жеті жасында рекорд орнатқан. «Мен ерте сөйлеп, екі жасымда ән айта бастадым. Екі-үш жасымда тұтас компакт-дискілердің сөзін жаттап алдым. Үнемі ән айтатынмын», – дейді Бринкер.

Ол операға 6 жасқа толар алдында, анасы оны өнердің осы түрімен таныстырған кезде қызыққан. Бринкер Гиннестің рекордтар кітабы бойынша итальяндық телешоу Lo Show Dei Record-қа шақырылды және шоу барысында оған оның жетістігін растайтын сертификат табыс етілді. Викторияның диапазоны қазіргі уақытта үш октава және ол жеті тілде серенаданы орындай алады.

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін