Жеті облыста 54 жол учаскесі жабылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 7 облыста жолдар жабылды, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы.

Алматы, NEGE. 8 желтоқсан сағат 20.00-ден бастап ауа температурасының 35°С-38°С-қа дейін төмендеуіне байланысты жеті облыста жүк, дизель және қоғамдық көліктің қозғалысына шектеу қойылды.

Жеті өңірдегі республикалық маңызы бар 54 жол учаскесінде көлік қозғалысына тыйым салынды.