Жерлеу рәсімінен кейін үйіне оралған ер адам туыстарын шошытты

Үндістанның Тамилнад штатының тұрғыны Мурти өз жерлеу рәсімінен кейін үйіне оралған, деп хабарлайды Stan.kz.

Алматы, NEGE.  55 жастағы күндізгі жұмысшы Мурти Тируппур қаласына қант қамысын жинауға барған. Алайда бірнеше күн бойы туыстарымен байланысқа шықпай хабарсыз қайтып оралмаған. Көп ұзамай оның жақындарының бірі отбасына ер адамның мәйіті аялдама маңынан табылғанын хабарлады. Муртидың ұлы денені әкесі деп таныған.

Полицейлер оқиғаны тіркеп, мәйітті отбасына тапсырды. Жерлеу рәсімінен кейін ертесіне Мурти күтпеген жерден үйіне тірі оралған.

"Ол үйге кіріп келгенде өз көзімізге өзіміз сенбедік. Барлығымыз шошып кеттік", - дейді Муртидің туыстары.

Полицейлер жерленген ер адамның кім екенін анықтау үшін тергеу жұмыстарын бастады.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр