Жерлеу бағасын көтерген көрқазушылар ұсталды

Алматыда зират жұмысшылары жерлеу бағасын көтеру күдігі бойынша ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.


Алматы, NEGE.  «Полицияға сегіз адам хабарласып, зират жұмысшыларына қатысты ресми мәлімдемелер жасады. Өтініш білдіргендердің айтуынша, олар жерлеу қызметтері үшін қосымша ақы төлеуге мәжбүр болған, оларды белгіленген құнға қосымша 70-тен 80 мың теңгеге дейін төлеуге мәжбүр еткен. (…)Түбіртектер берілмеген, ақшаны зират кәсіпорнының қызметкерлері заңсыз пайдаланған. Қабылданған шаралар нәтижесінде полиция қызметкерлері өз іс-әрекеттерін мойындаған екі азаматты анықтап, қамауға алды», - делінген хабарда.
Хабарда айтылғандай, қазіргі уақытта жәбірленушілер мен күдіктілердің қатысуымен қажетті тергеу шаралары жүргізілуде, содан кейін, әрбір кінәлі адамның іс-әрекетіне жеке құқықтық баға беріледі.
Еске салсақ, 15 шілдеде ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Азат Перуашев бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов пен әкім Бақытжан Сағынтаевқа Алматыдағы «Батыс» зираты басшылығының тарапынан орын алып жатқан заңға қайшы әрекеттерін айтқан болатын. Мәжілісмен бас прокуратураға еліміздегі осы және басқа да зираттарға тексеру жүргізуін, заң бұзушылық орын алған жағдайда тиісті шара қабылдауын сұраған еді.

Қазір оқып жатыр

«Әр баладан 200 мың теңгеден жинап жатыр»: алматылық ана Президентке шағымданды

Наурыз ҰБТ-сы тапсырмаларынан 17 қате анықталған

ШҚО-да сот ұсталған депутаттың компаниясын тас жолды қайта жөндеуге міндеттеді

Қостанайда субсидияға бөлінген 3 млрд теңге жымқырылған: қылмыстық топқа үкім шықты