Жергілікті тұрғын зираттың қоршауын ұрлаған

Павлолар облысында жергілікті тұрғын зират қоршауын тонады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 36 жастағы күдіктіні анықтады.

Жергілікті тұрғын ауыл зиратынан металл қоршаулар мен шынжырларды ұрлады деп күдіктеніп отыр. Ұрланған металл қоршаулар мен шынжырларды ол ұсақ бөліктерге бөліп, Тереңкөл ауданының орталығында орналасқан металл қабылдау пунктеріне сатқан.

Қазіргі уақытта осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Алматылықтардың мазасын алған тәжікстандық жасөспірімдер елден шығарылды

Түркістан облысында жалған айғақ беруге айдап салған адвокат сотталды

Қазақстанда жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы тоқтатылды

Қазақстанның оңтүстігінде тұрғындар жер сілкінісін сезді