Жерге екі қауіпті астероид жақындап келеді

Жерге қауіпті екі астероид жақындап келеді. Мұндай деректермен NASA бөлісті.

Алматы, NEGE. Аспан денелерінің бірі (астероид 2013 YD48) Лондондағы Биг-Бен сағатымен бірдей, ал екіншісі (астероид 7482 YD4) Нью-Йорк қаласындағы Эмпайр-стейт-билдинг көпқабатты ғимаратынан екі есе үлкен. 

Алдын ала есептер бойынша, 2013 YD48 астероиды 11 қаңтарда Жерден 5,6 миллион шақырым қашықтықтан өтеді. Ал 7482 YD4 астероиды 18 қаңтарда Жерге 0,013 астрономиялық бірлікке жақындайды. NASA аспан денелерін зерттеу орталығының өлшемі бойынша бойынша мұндай қашықтық "жақын" болып саналады. 

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр