Жер сілкінісінен 52 адам зардап шекті

Жапонияда магнитудасы 5,9 болған жер сілкінісі салдарынан 52 адам жарақат алды, деп хабарлайды NHK телеарнасы.

Алматы, NEGE. Зілзала ошағы Токио және Тиба префектураларының шекарасында орналасқан, тереңдігі – 75 шақырым.

Токионың Адачи ауданында жолаушылар пойызы рельстен шығып кеткен, сондай-ақ жылдамдығы жоғары пойыздардың қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлайды телеарна.

Токионың бірнеше кварталында құбырлар жарылып, тротуарларды су басқан, үйлердің бірінің қабырғасы құлады.

Метеорологтар жергілікті тұрғындарға алдағы жеті күні жерасты дүмпулері қайталануы ықтимал екендігін ескертті.

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды