Жер астында қалып қойған 35 кенші құтқарылды

Канаданың Тоттэн шахтасында қамалып қалған 39 кеншінің 35-і құтқарылды.

Алматы, NEGE. Канаданың Тоттэн шахтасында қамалып қалған 39 кеншінің 35-і құтқарылды. Рейтер ақпарат агенттігінің хабарлауынша, қалған 4 адам да табылған. Апат қыркүйектің 26-сында болған еді. Ол кезде жұмысшыларды сыртқа шығаратын лифт істен шығып, 39 кенші 1200 метр тереңдікте қалып қойған. Айта кетейік, 7 жыл бұрын ашылған бұл шахта Бразилияның «Вэйл» компаниясына тиесілі. Онда темір, никель мен алтын өндіріледіі. 

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды