11 октября 2022 г. 14:50

“Жер алып беремін”: шымкенттік полицейлер танысына сан соқтырған алаяқты анықтады

Фото:

Бұл туралы Polisia.kz жазды.

Алматы, NEGE. 28 қыркүйекте Абай аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында екі жылдай таныс болған адам «Шымкенттен жер алып беремін» деп алдап кеткенін жазған. Қаскөй жәбірленушінің 2 млн теңгесін алаяқтық жолмен иемденіп алған. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Күдіктінің жеке басын анықтау мақсатында барлық қажетті шаралар қабылданып, жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары күдікті азаматты қала аумағынан тәулік ішінде қолға түсірді. Ол Түркістан облысының 36 жастағы тұрғыны болып шықты. Бұрын-соңды сотты болмаған, жұмыссыз. Қазіргі кезде ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындап отыр. Жәбірленушіге келтірілген шығын толықтай өтелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тегтер: