Жер сілкінісінен кейін ғимарат зақымданған жағдайда не істеу керек?

Алматы әкімдігі жер сілкінісі салдарынан ғимарат зақымданған жағдайда әрекет ету алгоритмін ұсынды. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Аудандық әкімдіктерде ТЖД, МКК мен басқа да орган өкілдерінің қатысуымен комиссия тобы жұмыс істейді. Ғимарат зақымданған жағдайда қала тұрғындары аудандық әкімдікке өтінішпен және фотоматериалдармен жүгінуі қажет.

Әрі қарай не болады?

– Комиссия зақымдану деңгейін алдын ала анықтау үшін ғимаратты тексереді.

– Тірек конструкцияларының бұзылуы бар ма, әлде бұл әрлеу материалдарының зақымдануы ма: аспалы төбе, сылақ, плитка, қасбеттің әрлеуі ме екенін анықтайды. 

– Аудандық комиссиялардан алынған ақпарат қалалық Жоспарлау және урбанистика басқармасына, одан кейін ҚазҚСҒЗИ-ға талдау жүргізуге беріледі.

– Институт мамандары зақымданудың себебі мен дәрежесі туралы қорытынды береді.

Жөндеу жұмысын қаржыландыру:

– Әлеуметтік нысандарды жөндеу бюджет есебінен жүзеге асырылады.

– Көппәтерлі үйлердің әрлеу элементтерін жөндеу – кондоминиум есебінен.

– Ғимараттардың тұтастығына қауіп төнген жағдайда жөндеуге қаражат мемлекеттік органдардың бюджетінен бөлінеді.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында офицер қоластындағы қызметкерге күш қолданған

Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу институтынан 921 млн теңге өндірілді

Қазақстанда медианалық жалақы 340 мың теңге болды

Тоқаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады