Жер шарының мұз қоймасы еріп барады: 50 жылда 9 трлн тонна мұз жоғалған

Соңғы жарты ғасырда әлем бойынша мұздықтардың көлемі күрт азайып, 9 триллион тоннаға жуық мұз еріп кеткен. Бұл көлем Германия мемлекетінің аумағына тең, деп хабарлайды БҰҰ-ның мамандандырылған агенттігі – Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым.

Ғаламтордан

АЛМАТЫ, NEGE. Ұйым өкілі Клэр Нуллистің мәліметінше, бұл көрсеткіш 1975 жылдан бері жүргізілген бақылау нәтижесінде анықталған.

– Дүниежүзілік мұздықтарды бақылау қызметінің дерегіне сүйенсек, 1975 жылдан бері мұздықтар 9 триллион тоннадан астам мұзды жоғалтқан. Бұл – қалыңдығы 25 метрлік Германия көлеміндегі мұз қабатына тең көрсеткіш, – деді ұйым өкілі.

Клэр Нуллистің айтуынша, соңғы жылдары жаһан «бақылау тарихындағы мұздықтардың ең жылдам шегінуі» кезеңін бастан өткеріп отыр.

Мұздықтар мен мұз жамылғылары — Жердегі тұщы судың шамамен 70 пайызын сақтап тұрған маңызды табиғи қор. Сондықтан олардың еруі жаһандық экологиялық тепе-теңдікке зор қауіп төндіреді.

Қазір оқып жатыр

Сауд Арабиясы Тоқаевтың бітімгерлік келіссөздерді Түркістанда өткізу бастамасына пікір білдірді

Air Astana ұшақтары Дубайға сәуірдің аяғына дейін ұшпайтын болды

Түркістан облысында қарт әкесін ұрып-соққан ер адамның жазасы қатаңдатылды

Алматыда бірнеше қылмысты жасырып қалған тергеуші сотталды