Жер қойнауын пайдаланушылардың ғылымға арналған аударымы енді бюджетке түседі

Жер қойнауын пайдаланушылардың ғылымға арналған 1% аударымдары енді тікелей республикалық бюджетке түседі. Бұл туралы Энергетика министрлігі хабарлады.

gov.kz

Астана, NEGE. Энергетика министрлігі Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп, жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды  қаржыландыру тәртібін қайта қараған.

«Көмірсутектер мен уран өндіретін жер қойнауын пайдаланушылар ғылымды қаржыландыруға арналған қаражатты енді тікелей республикалық бюджетке аударуға міндетті.

Осы мақсатта арнайы бюджеттік сыныптама коды бекітілді», – делінген ведомство хабарламасында.

Бұл өзгерістер 2025 жылғы 17 желтоқсанда қабылданған бірлескен бұйрық арқылы бекітілген. Сондай-ақ тағы екі бұйрыққа өзгерістер енгізілген.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?