Жеңіс Қасымбек Қазақстанның үстел теннисі федерациясын басқарады

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Қазақстан үстел теннисі федерациясының президенті болып сайланды. Бұл шешім ұйымның кезектен тыс конференциясында қабылданды.

ОКҚ

Астана, NEGE. Федерация бұл өзгеріс елде үстел теннисінің дамып, әлем чемпионатына дайындық жүріп жатқан кезеңге тұспа-тұс келгенін атап өтті.

2027 жылғы 22–30 мамыр аралығында Астанада үстел теннисінен әлем чемпионаты өтеді. Қазақстан Орталық Азия елдерінің ішінде мұндай жарысты алғаш болып қабылдайды.

Бұған дейін федерацияны кәсіпкер Данияр Әбілғазин басқарған.