Жеңіл атлетика құрамасы әлем чемпионатын сәтсіз аяқтады

Қазақстандық спортшылар Токиода өткен әлем чемпионатында жүлдесіз қалды.

ғаламтордан

 Алматы, NEGE. Соңғы үміт артып шыққан Ясмина Токсанбаева 20 шақырымдық спорттық жүрісте 23-орынға табан тіреді. 

20 қыркүйек күні Токиода өткен әйелдер арасындағы 20 км спорттық жүрісте Ясмина Токсанбаева ел намысын қорғады. Ол қашықтықты 1 сағат 31 минут 51 секундта еңсеріп, 23-сатыда мәреге жетті.

Ал чемпион атанған испан спортшысы, екі дүркін Олимпиада чемпионы Мария Перес 1:25:54 уақыт көрсетіп, әлемдік біріншілікте төртінші алтын жүлдесін алды.

  • Күміс жүлде – мексикалық Аленья Гонсалеске (1:26:06, Американың жаңа рекорды),
  • Қола медаль – жапондық Нанако Фудзиге бұйырды (1:26:18, ел тарихындағы үздік нәтиже).

Бұл чемпионатта Қазақстанды бес спортшы таныстырды. Ең жоғары нәтиже көрсеткен – Нора Джеруто болды. Ол 3000 метрге тосқауылдармен жүгіруде алтыншы орын алды. Дегенмен, жалпыкомандалық есепте ел құрамасы жүлдесіз қалды.

Қазір оқып жатыр

Әскерде тағы бір сарбаз мерт болды

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі