Жеңіл атлет Кристина Овчинникова Польшадағы турнирде күміс жүлде иеленді

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Кристина Овчинникова Польша астанасы Варшавада өткен Konopacka Warsaw Classic халықаралық турнирінде күміс жүлдегер атанды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Ол биіктікке секіру сайысында екінші нәтиже көрсетті. Овчинникова 185 сантиметр биіктікті бағындырды.

Бірінші орынды 192 см нәтижемен украиналық Юлия Левченко жеңіп алса, үшінші орынға 185 см көрсеткішпен польшалық Алисия Высоцка ие болды.

Айта кетейік, бұған дейін Кристина Овчинникова Грекияда өткен турнирде жеңімпаз атанған болатын.

Қазір оқып жатыр

Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: полиция қызметкеріне қатысты тергеу аяқталды

Екі жылға сотталған Жанабыловтар әлеуметтік желіге қайта оралды

Отбасы банк «Бәйтерекке» 100 млрд теңге дивиденд төлейді

56 құрылыс компаниясы жалған жұмыс тәжірибесімен мемлекеттік сатып алуларға қатысқан