Жеңіл атлет Елизавета Матвеева FBK Games турнирінде алтыншы орын алды

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының спортшысы Елизавета Матвеева Нидерландтың Хенгело қаласында өткен халықаралық FBK Games турниріне қатысты.

ҰОК

Алматы, NEGE. Спортшы биіктікке секіру сайысында ел намысын қорғады.

Ең үздік нәтижесі – 180 сантиметр. Бұл көрсеткіш Матвееваның жалпы есепте алтыншы орын алуына мүмкіндік берді.

Ал аустралиялық Николай Олислагерс (197 см) турнир жеңімпазы атанды. Күміс жүлдені ямайкалық Ламара Дистин (190 см) жеңіп алды. Қола медаль Швеция өкілі Энгла Нильсонға бұйырды – 185 см.

Айта кетейік, жақында өткен Азия чемпионатында Елизавета Матвеева Қазақстан қоржынына күміс медаль салған болатын.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр