Жеңіс парадына қатысқан танк көрермендерді басып кете жаздады

Севастопольде Жеңіс күніне арналған шеруде бір танк көпшілікті басып кете жаздады, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы, NEGE. Бұл туралы "Подъем" басылымына осы іс-шараға қатысқан куәгер айтты.

Оның айтуынша, оқыс оқиға Нахимов алаңына қарай бұрылыста болған.

- Танктер колоннасын бастап келе жатқан Т-34 танкі бұрылудың орнына кенеттен тікесінен тартты. Көрермендер, әрине мұндайды күтпеген, тіпті қорыққандарынан орнынан тыпыр ете алмай қалды. Құдай сақтағанда, әскери полиция дереу әрекет етіп, танкті тоқтатты, тіпті оны сол арада жөндеді. Содан кейін танк жұмыс істеп, қайтадан қатарға қосылды. Бұл, негізінен көне танк екен, 75 жылғы бұрын, ол парадқа арналып, жөнделіп, қатарға қосылыпты, - деді ол.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды